• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Қаңтар, 2017

Лионель Месси – 2016 жылдың үздік сұрмергені (видео)

135 рет
көрсетілді

«Барселона» футбол командасының шабуылшысы Лионель Месси 2016 жылдың Еуропа клубтарының арасындағы үздік сұрмергені атанды. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады. Аргентиналық футболшы өткен жылы «Барселона» сапында барлығы 51 доп соққан. Ол бір ғана голмен швециялық Златан Ибрагимовичтен басым түсті. 31 желтоқсан күні «Манчестер Юнайтед» ойыншысы Мессиді қуып жетуіне болатын еді. Бірақ «Мидлсбро» командасымен өткен матчта қақпашыға қарсы қауіпті ойнады дегенмен себеппен төреші оның бір голын есепке алмай қойды. Осы көрсеткіш бойынша үшінші орынға 2015/16 маусымының «Алтын бутса» иегері Луис Суарес (48 гол) жайғасса, «Реалдың» форварды Криштиану Роналду (42 гол) төртінші орынға тұрақтады. Ал бестікті «Баварияның» жұлдызы Роберт Левандовски (39 гол) түйіндеді.