• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Қаңтар, 2017

Степногор қаласының көшелеріне жарық тартылды

330 рет
көрсетілді

Степногор қаласының тысқары мөлтек ауданындағы көшелерге жарық тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Игі іске қалалық мəслихаттың депутаттары Дархан Балпанов жəне Алтынбек Қаршегенов үлес қосып отыр. Тұрғындардың өтініші бойынша 7 мөлтек аудандағы тысқары орналасқан тұрғын үйлердің маңына жарық тартылды. Ол үшін қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы 15 жарық бағанын берсе, Дархан Балпанов осыншама жарық шамы мен 650  метр электр сымын сатып алды. Ал энергетик əрі депутат Алтынбек Қаршегенов болса, монтаждау жұмыстарын қолға алды. Жаңа желіні іске қосу рәсіміне қала əкімінің орынбасары Сағындық Шабаров пен қалалық мəслихаттың хатшысы Ғалия Көпеева жəне аталған мөлтек ауданның тұрғындары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.