• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Қаңтар, 2017

Шаханда мерт болғандар үшін материалдық көмек көрсетіледі

159 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының билік өкілдері Шахан кентінде құлаған көпқабатты үйдің зардап шеккен және құрбан болған тұрғындарының отбасыларына материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Мерт болған отбасының әрбір мүшесіне 1 миллион теңге материалдық көмек көрсетіледі. Ауруханада жатқан, зардап шеккендер үшін 500 мың теңгеден төленеді»,-деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Сыздықова. Әкімдік қайтыс болғандарды жерлеу мен ас беру шығындарын өз мойындарына алады. Бұған қоса тиісті заңнамаға сәйкес, арнайы комиссия жұмысының шешімімен келтірілген шығын бюджеттен төленеді. Айта кетейік, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минуттар шамасында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлағаны жөнінде арнайы хабар келіп түскен. Оқиға орнынан төтенше жағдайлар қызметінің күш-құрылымдары мен арнайы техникалары жөнелтіліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Шахан кентінің әкімдігі жанынан 8 (72156) 3-24-17 нөмірі бойынша, жедел желі қызметі ұйымдастырылды. Қираған үйдің үйінділерінен 9 адамның мәйіті табылды. Олардың 3-уі ер адам, 3-уі әйел адам, тағы үшеуі балалар. Ресми тізімді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар қызметі ұсынды.