«Левский» мен «Славии» командаларының бапкері Эмиль Велев «Меридиан Матч» басылымына берген сұхбатында өзінің көзқарасы бойынша өткен жылдың ең үздік бапкерлері жөніндегі пікірімен бөлісті, деп хабарлады Sports.kz.
«2016 жылдың ең мықты бапкерлері ретінде мен сөз жоқ Станимир Стойлов пен Георги Дерменджиевті атар едім. Мен оларға ең жоғарғы 100 ұпай беремін. Қалғандарына минус 290 ұпай. Біздің бапкерлерде үзіндік бір үрдіс бар. Олардың кейбірі нәтижеге жету үшін өте күрделі жұмыстарды атқарады. Ал кейбіреулері сол қиындықтарға шыдап қана жүреді. Мен Димитар Димитров, Стойчо Младенов, Ясене Петров туралы ештеңе айтқым келмейді. 2016 жылғы маусымда Станимир Стойловтың жетекшілігіндегі «Астана» командасы ел чемпионаты мен Қазақстан Кубогын жеңіп алды және Еуропа Лигасының топтық раундында өнер көрсетті»,-деді ол.