«Air Arabia» әуе компаниясының тұрақты және қосымша рейстері Астанадан Шарджаға ұшып шықты. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустрия және туризм департаменті мен жедел штаб өкілдері мәлім етті.
«2017 жылдың 3 қаңтары күні «Air Arabia» әуе компаниясының қазақстандықтар мінген екі рейсі де (тұрақты және қосымша) Астанадан Шарджа қаласына ұшып шықты. Ұшырылымының тоқтатылуына байланысты осы уақытқа дейін БАӘ-не жете алмай жүрген 118 жолаушы қосымша рейспен ұшып шықты. «Air Arabia» әуе компаниясының тұрақты рейсі де Алматыдан БАӘ-не белгіленген кесте бойынша ұшып шықты»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін «Air Arabia» әуе компаниясының Астанадан Шарджаға ұшатын рейсінің тоқтатылғаны белгілі болған еді. 100-ден аса жолаушы елорда әуежайынан БАӘ-нің астанасына жете алмай жүрген болатын.