• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

Германияда жанармаймен жүретін көліктерге тыйым салынуы мүмкін

235 рет
көрсетілді

Германияда жанармай мен дизель отынымен жүретін көліктерге тыйым салынғалы жатыр, деп хабарлайды Хабар24. Жергілікті билік жүргізушілердің жаппай электромобильге отырғанын қалайды. Сондықтан 2030 жылдан бастап елде жанармай немесе дизель отынымен жүретін көліктерді шығаруға тыйым салынуы ғажап емес. Жергілікті билік енді жұртты жаппай эко-көлік алуға міндеттемек. Халықты қызықтыру үшін қазірдің өзінде ынталандырудың түрлі амалдары жасалып жатыр. Мысалы электр тогымен жүретін бір көлік алған адамға 4 мың еуро сыйақы беріледі. Сондай-ақ, бұл көлікке 10 жыл бойы салық төлемеуге болады. Мұндай шарттар жұртты қызықтырса да, немістер қарапайым көліктерден бас тартпақ емес.