• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

4 қаңтарға арналған ауа райы

156 рет
көрсетілді

Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Бірқатар аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстік және орталықта жел тұрып, бұрқасындатады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Ақмола облысында жел күшейіп, екпіні 23-28 метр/секундқа жетеді. Бұрқасын, көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші 18-23 метр/секундқа жетіп, түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші секундына 23 метр болады. Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қарағанды облысында бұрқасын болады. Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көкөтайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түседі.