• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

Кувейт пен Оман ОПЕК+ шартын орындауға кірісіп кетті

185 рет
көрсетілді

Кувейт пен Оман 1 қаңтардан бастап ОПЕК+ елдерінің бір ай бұрын қабылдаған мұнай өндірісін азайту туралы келісімін орындауға кірісіп кетті, деп жазады investing басылымы. Нақтырақ айтар болсақ, Кувейт тәулігіне 130 мың баррель, ал Оман 45 мың баррель азайтпақ. Kuwait Oil Co. компаниясының басшысы Жамал Жаппардың айтуынша, қазір ел үкіметі 80-90 ұңғыманың жұмысын тоқтатқан. Сонымен қатар былтырғы жыл бойы жоғарыда аталған келісімге қарсы болып келген Ирак да өз міндеттемесін орындауға келісіп отыр. Бұл туралы елдің мұнай министрі Жаппар Әли әл-Лияби мәлімдеді. Айта кетейік, Қазақстан биылғы жылдың басынан бастап тәулігіне 20 мың баррель қысқартуға келіскен еді.