• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

Шеридан Головкинді 2016 жылдың үздік боксшысы деп атады

86 рет
көрсетілді

Аты аңызға айналған комментатор, HBO, ESPN, FOX және SHOWTIME телеарналарында жұмыс істейтін Боб Шеридан қазақстандық Геннадий Головкинді 2016 жылдың үздік боксшысы деп атады. Бұл туралы Vesti.kz басылымы жазып отыр. "Мен Головкинді таңдаймын. Бірақ Андре Уорд пен Теренс Кроуфордты да таңдауға себептер бар. Роман Гонсалес та бар. Головкин - мықты боксшы. Ол жылдың үздік боксшылары жайлы айтылғанда ескерілу керек. Менің нұсқам осындай", - деді Боб Шеридан Ontheropesboxing.com басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, Головкин 2016 жылы екі жекпе-жек өткізген болатын. Сәуір айында америкалық Доминик Уэйдты нокаутқа түсірсе, қыркүйекте Келл Брукті жеңді.