• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

Исламхан – трансферлік құны жоғары қазақстандық футболшы

335 рет
көрсетілді

«Қайрат» футбол командасының капитаны Бауыржан Исламхан бағасы қымбат қазақстандық футболшы атанды, деп хабарлады vesti.kz. Transfermarkt мәліметі бойынша оның трансферлік құны 1 миллион еуродан 1,8 миллион еуроға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық ойыншылардың ішінде «Астананың» қорғаушысы Дмитрий Шомконың да бағасы осы шаманы құраған. Қазір Шомко мен «Астананың» тағы бір қорғаушысы Юрий Логвиненконы сатып алғысы келген клуб 1,2 миллион еуро төлеуі қажет. Сәйкесінше, қос футболшы қымбат ойыншылар тізімінде екінші орынға жайғасты. Ал жақында ғана Ресейдің «Ростов» ұжымынан ауысып келген «Қайрат» қақпашысы Стас Покатилов пен «Астана» форварды Роман Мұртазаевты Transfermarkt 1 миллион еуроға бағалады. Айта кетейік, 2016 жылдың қараша айында алматылық клуб Бауыржан Исламханмен 2019 жылдың 30 қарашасына дейін келісімшарт мерзімін ұзартқан. Ол 2014 жылдан бері жүзден астам матчқа қатысты. Сонымен қатар, өткен маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан премьер-лигасының үздік ойыншысы атанды.