• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

Қытай экономикасы әлем нарығына үміт сыйлады

188 рет
көрсетілді

2016 жылдың басында Қытай компанияларының акциялар саудасы тоқырап, инвесторлар алаңдай бастаған. Араға тура бір жыл салып, Қытай компаниялары қор нарығында өтімді болып тұр, деп жазады investing. Қытай экономикасындағы бұл оң өзгеріс 2017 жылы әлем нарығы үшін өте пайдалы. Инвесторлардың пікірінше, Қытай экономикасы осы бетінен таймайтын болса, 2017 жылы да ел экономикасы жаппай реформаны қорықпай қолға ала алады. Ал АҚШ долларының өзіндік құны 1 пайыз көтерілді. Бұл 2002 жылдан бергі алғашқы ірі көрсеткіш. Сарапшылардың пікірінше, 2017 жылы доллар айтарлықтай көтеріледі. Өйткені биыл Федералды қор доллардың базалық үстемесін үш рет көтереді деп айтылуда. Нәтижесінде саудагерлердің долларға деген сұранысы артпақ. Сонымен қатар әлемдік нарықтың тағы бір үлкен бөлігі мұнай нарығы да жылды жайлы бастады. Былтыр жыл соңында қабылданған ОПЕК+ шешімін Кувейт пен Оман іске асыра бастады. Оған алдағы уақытта өзге де елдер қосылады деп күтілуде. Ал Еуропадағы банк пен өнеркәсіп секторы да үшінші сессия қатарынан өсіп, мұндағы нарыққа жайлы болып тұр.