• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

Усэйн Болттың әлемдік рекордтары жойылуы мүмкін

134 рет
көрсетілді

Халықаралық жеңіл атлетика ассоциациясы (IAAF) допинг дауынан кейін барлық әлемдік жетістіктің күшін жою мәселесін қарайды. Мұндай бастаманы Халықаралық спорт баспасөзі ассоциациясы өз сайтында көтеріп отыр. Ұйым көбейіп кеткен допинг дауынан кейін жеңіл атлетика осыған дейінгі жасалған барлық рекордтың күшін жойып, "жаңа дәуірге" өтуі тиіс деп есептейді. Осы бастамаға байланысты әлемдік рекордтарынан мансап жолын аяқтап қойған сырықпен секіруші Елена Исинбаева (28 рекорд) және 100, 200 метр және эстафетада жүгіруден әлемнің алты дүркін чемпионы Усэйн Болт (8 рекорд) өз рекордтарынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, Болт 2017 жылы спорттан кетуді жоспарлаған. Алайда IAAF бұл шешімді оң-терісін салмақтағаннан кейін жасамақшы. Айта кетейік, IAAF осы күнге дейін ресейлік 200 спортшының Ричард Маклареннің баяндамасында аты аталғанын хабарлады. Бұл спортшылар "сынақтар манипуляциясымен" айналысқан делінеді.