• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

Қазақстандықтар 2017 жылы мерекеде қай күндері демалады?

191 рет
көрсетілді

7 қаңтардағы православиелік Рождество және Құрбан айттың алғашқы күні жұмыс күндері мен ауысу кестесіне (вахта кестесі) түскенімен, демалыс күні болып есептеледі, алайда, бұл күндер мереке күндері болып есептелмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес демалыс және мереке күндері бір күнге келсе, мереке күндерінен кейінгі күндер демалыс болып есептеледі. Ал 7 қаңтардағы православиелік Рождество және Құрбан айттың алғашқы күні бұл заңда көрсетілген ұлттық және мемлекеттік мереке күндерінің тізіміне кірмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні. Ал  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекелеріне келесі күндер кіреді: Жаңа жыл - 1-2 қаңтар; Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз; Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз; Қазақстан халықтарының бірлігі күні - 1 мамыр; Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр; Жеңіс күні - 9 мамыр; Астана күні - 6 шілде; Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 30 тамыз; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан.