Алматының «Қайраты» 5 қаңтар күні маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Футболшылардың қалыпты деңгейіне келуі үшін жаттығу жұмыстары 19 қаңтарға дейін созылады. Команда Алматыдан аттанар болса, легионерлер өз елдерінен барады.
«Қайраттың» жаттықтырушылар алқасы мұнда бірнеше қорытынды кездесу ұйымдастырған. Қарсыластары кейінірек белгілі болады.