Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.