• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

«Тараз» командасына жаңа жаттықтырушы тағайындалды

137 рет
көрсетілді

Бірінші лигада өнер көрсететін «Тараз» командасына бас жаттықтырушы болып Ваит Талгаев тағайындалды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Жаңа қызметіне білікті бапкер бүгіннен бастап кіріседі. Ол бұған дейін де аталған командаға 1996-1997 және 2010-2011 жылдары жетекшілік еткен. Ал 1996 жылы Қазақстан чемпионатының алтын медаліне қол жеткізген болатын. Сонымен қатар, Талгаев қазақстандық «Атырау» және ресейлік «Терек» клубтарын жаттықтырған. 2004 жылы Ресей Кубогында жеңіске жеткен.