• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

5 қаңтарға арналған ауа райы

188 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, елдің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел  күшейеді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола облысының басым бөлігінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін жетеді, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, түнде Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін жетеді, екпіні 28 м/с. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Жамбыл облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болып, желдің жылдамдығы 18 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.