Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан облысына сайлаушылармен кездесу үшін арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары -Б.Жылқышиев, Б.Оспанов, А.Смағұлов, Б.Ертаев, М.Махамбетов пен У.Қайназаров.
Кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тұрмыстық жағдайы, ауылдық жердегі жұмыссыздықты жою жайы сөз болды. Өз кезегінде аймақ басшысы түрлі мемлекеттік бағдарламалардың облыста өз деңгейінде жүзеге асырылып отырғанын жеткізіп, 2016 жыл аграрлы аймақ Оңтүстік үшін табысты да жемісті жыл болғанын атап өтті. Мәселен, өткен жылдың 11 айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 710,6 млрд. теңгенің өнімі өнідірілсе, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 415,8 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3 пайызға артық. Ал өнеркәсіп өнімін өндіруде облыс республикада 4-орынды иеленіп отыр.