• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Астанада алғаш рет қайырымдылық дүкені ашылды

199 рет
көрсетілді

Астанада алғаш рет қайырымдылық дүкені ашылды. Яғни ол толықтай көмекке мұқтаждардың игілігіне жұмыс жасайды, деп жазады Хабар24. Мысалы, дүкендегі тауар жомарт жандар әкелген киім, ойыншық, кітап және тағы басқа заттардан тұрады. Бағалары тым арзан. Ал сатылымнан түскен қаржы ауыр науқастанған балалаларға беріледі. Кішкентай Дана үшін жай ғана мектепке барудың өзі үлкен бақыт. Өйткені тумасынан омыртқасы ауыратын бүлдіршіннің бүгінге дейін жүріп-тұруы мұң болған. Бұған қоса, анасынан ерте айырылған жеткіншекке екі жерде жұмыс істейтін әкесі көп көңіл бөле алмайды. Кішкентай қыздың мәселесін қайырымдылық дүкенінің иесі өз қолына алды. “Қамқорлығыма алған балалардың көбі медициналық көмекке зәру. Әсіресе өлім аузында жатқандары жүрегімді шымырлатып жібереді. Қолымнан келгенше қол ұшын беріп келем. Жалпы адамдар бір-біріне көмектесіп, мейірбандық, қамқорлық деген ұғымдарды естен шығармағаны абзал,” – «Риза» дүкенінің иесі Нұржамал Молдажанова. Нұржамал Молдажанова Астанада алғаш болып қайырымдылық дүкенін ашты. Бұнда мейірбан жандар өз заттарын әкеледі немесе арзан бағада оларды сатып алуға болады.