«Алматы метрополитені» КМК 2016 жылы 873 млн теңге көлемінде табыс тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Оның айтуынша, былтыр метро қызметін 12,4 млн адам пайдаланған. Оның 348-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Метрода жолаушылар саны оқу жылы басталатын, қыркүйек, қазан айларында өседі.
«Күн сайын метро қызметін 40 мыңнан 50 мыңға дейін адам пайдаланады. Демалыс күндері бұл көрсеткіш 17-18 мыңға дейін түседі. 2015 жылы біз 10,6 млн адам тасымалдадық», - деді Хабиева.
Айта кетейік, метромен жүрушілер қатары жаңа «Сайран», «Мәскеу» стансаларының ашылғаннан кейін артты.
Еске сала кетейік, Алматы метрополитені 2011 жылы ашылды. Алғаш 7 станса пайдалануға беріліп, 2015 жылы екі станса қосылды.
Метроның бес жылдығын атап өткенде мекеме директоры Нұрлан Мұханов ашылған күннен бастап, 3 млрд теңгеге жуық табыс тапқанын айтқан. 5 жыл жыл ішінде метро қызметін 42 млн адам пайдаланған.