• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Bleacher Report: Джейкобстың бір нокауты Головкиннің 36 жеңісінен артық (видео)

175 рет
көрсетілді

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA титулының иегері Дэниэл Джейкобс кездесуі Bleacher Report порталының нұсқасы бойынша 2017 жылы өтетін үздік он оқиғаның біріне енді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Бұған дейін жеңіліп көрмеген Геннадий Головкиннің нокаут сериясы 23-ке жетті. Ол pound-for-pound жұлдызы және әлемдегі танымал боксшылардың бірі. Бірақ оның бұл жолғы қарсыласы осал емес екенін ескеру қажет. Келл Брукпен өткен кездесуден соң жанкүйерлердің көңілінде бір күдіктің қалғаны белгілі. Бәлкім, сол айқаста британиялық бастапқы үш раундта жеңіске жеткен болар!? Дэниэл Джейкобс – 160 фунтта екінші нөмірлі боксшы. Дегенмен, 2015 жылы Питер Куиллинді бірінші раундта-ақ сұлатып түсіргені Головкиннің 36 жеңісінен де артық. Америкалық талантты боксшылардың бірі. Ол асқан жылдамдыққа ие әрі соққылары да ауыр. Наурыз айындағы кездесуде Головкиннің фаворит екені сөзсіз. Бірақ дәл сол күні Дэннидің апсет (ешкім күтпеген нәтиже) жасай алатынына сенетіндердің қатары аз болатыны өкінішті», – деп жазады аталған портал. Айта кетейік, қос спортшының арасындағы кездесу 18 наурызда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.