• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Оңтүстік Қазақстан өнімдері Қытай нарығына шығарылады

320 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін отандық тауарлар Қытай нарығына шығарылады, деп хабарлады 24.kz. Осы мақсатта жергілікті әкімдік Үрімші қаласынан сауда үйін ашуды жоспарлап отыр. Қазір екіжақты келісім жүргізіліп жатыр. Ал оған дейін кәсіпкерлер көктемде Бейжіңде өтетін үлкен жәрмеңкеге қатысады. Жергілікті тауар өндірушілер оған 800 тоннаға жуық ұн мен түрлі балық өнімдерін апарады. Сонымен қатар, Шымкентте тоқылған кілемдер де шетел нарығына жол тартады. Себебі, химиялық қоспаға қарағанда табиғи таза өнімге деген сұраныс басым. Қытай астанасында өтетін ең ірі сауда жәрмеңкесі 1 айға созылады. «Бұл қазір жоба күйінде әзірленуде. Екіжақты келіссөздер жүріп жатыр. Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Мұндай сауда үйі ашылатын болса, онда біздің тауар өндірушілер тұрақты түрде сауда жасауға мүмкіншілік алады», – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Тимур Нақыпбеков.