• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

455 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласы әкімінің  екі бірдей орынбасары  жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа қызметке тағайындалған орынбасарлардың бірі Ләззат Оразбаева 1971 жылы туған. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін жалпы техникалық пәндер және физика, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы, құқық бакалавры, «Тұран-Астана» университетін педагогика және психология магистрі біліктіліктері бойынша аяқтаған. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшысы болып жұмыс атқарды. Л.Оразбаева қорғаныс, жалпы әскери міндетті орындау, әскери есепке алу және әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды, сондай-ақ азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, тұрақты тұратын орындары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік адаптациялық орталығының қызметін үйлестіру, білім беру, мектепке дейінгі балалар тәрбиесі және оқыту, міндетті тегін орта білім берумен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, ана мен баланы қорғау, қайырымдылық көмекті үйлестіру, тұрғындарды жұмыспен қамту, т.б. мәселелерге жетекшілік жасайды. Ал Жұман Зине арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін қала әкімінің орынбасары міндетін атқарушы болады. Ол 1989 жылы туған. Білімі  жоғары. Қазақстан-Британ техникалық университетін техника және технология бакалавры, экономика ғылымдарының магистрі біліктіліктері бойынша аяқтаған. «Экономикалық зерттеу институты» АҚ эксперті, басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші маманы, басқарма басшысының орынбасары, «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік аумақтық Орталығы» ЖШС директорының орынбасары болып қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы болған. Ж. Зине   әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік жоспарлау және олардың орындалуы , коммуналдық меншіктің есебін жүргізу және дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, т.б. мәселелер бойынша жетекшілік етеді.