• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Мәні – мазмұнында

266 рет
көрсетілді

Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, еліміздің бас кітапханасының қызметкерлері мен оқырмандары қатысты. «Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың Жолдауында ел аза­маттарының әлеуметтік жағ­дай­ын жақсарту туралы нақты ай­тылады. Бұл мақсатқа сәйкес, Үкі­метке зейнетақылар, түрлі әлеу­меттік төлемдердің дең­гей­ін жоғарылату, әлеуметтік-эко­номикалық саланы жаңғырту бойынша міндеттер жүктеліп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан әлем­нің бәсекеге қабілетті озық 50 елінің қатарында, алайда, алдымызда үздік отыздыққа ену мақсаты тұр. Сондықтан біз­дер – қазақстандықтар білім дең­гей­і­мізді, құқықтық және қар­­жыл­ық сауаттылығымызды жо­ға­­ры­ла­тып, жан-жақты дамуымыз қа­жет, әсіресе, бұл – жастарға қарап айты­латын сөз», деді Стратегиялық жоспарлау, ғы­лым және менеджмент қыз­ме­тінің бас­шысы, саяси ғылымдар док­торы Наталья Калашникова. Сондай-ақ, ол Жолдаудың пра­г­­матикалық бағыттағы ст­ра­­­­те­гиялық құжат ретіндегі м­­а­­­­ңы­зына тоқталып өтті. «Ел­ Президенті қоғамға экономикалық дамудың жаңа моделін құру туралы нақты мін­дет қойып, болашағын болжай білген, қиындықтардан қаш­­пай, оларды өткере білген ха­­лық соңында жеңімпаз бола­тын­­­дығын атап көрсетті», деді Н.Калашникова. Сонымен қатар, ол бұл Президент өзінің сарабдал сая­­саты арқылы дәйектілікпен ж­үзеге асырып келе жатқан бай­ып­ты да өршіл Жолдау болып табыла­тынын айтты. «Жолдауға енген жаңа саяси, қоғамдық маңызды терминдер алда жүзеге асырылуы тиіс болатын бірегей модельдің дәлелі болып табылады», деді Наталья Павловна. Ұлттық академиялық кітап­ха­наның жас маманы Жәмила Зайырова әріптесінің пікіріне қол­­­­дау көрсете келіп, былай де­ді: «Мен және менің отан­дас­­­та­рым үшін осы Жолдау ая­­сында мың­даған жа­ңа жұ­мыс орын­дарының ашы­­ла­тын­ды­­ғы ерекше қуа­ныш­ты жағ­дай. Өйткені, бұл көп­те­ген қа­зақ­стан­дықтар үшін жа­ңа мүм­кін­дік­тердің пайда бо­ла­тын­ды­ғын біл­діреді». Ең бастысы, біз Жолдауда көрсетілген міндеттердің жүзеге асуына жауаптымыз, деді ол.