• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Серік Қирабаев. Менің дауысым

517 рет
көрсетілді

Соңғы кездері жария­­л­анған Прези­денттің ел­дегі саяси билікті бөлісу жөнін­дегі Үндеуі мен кезек­­ті жылдық Жол­дауы бүгін­гі қазақ қо­ға­мын дүр сіл­кін­­дір­ген оқиғалар бол­ғаны даусыз. Тәуел­сіз мем­лекет болғаны­мыз­дың ширек ғасырлық өмірінде нарықтық жүйеге көшіп, оны орнықтырып, Астана сияқты үлкен елдің бас қаласын салып әлемге танылдық. Алдыңғы қатар­дағы 50 елдің қатарына қо­сылдық. Осы табыстардың негі­зін­де елімізде демократиялық құры­лымдарды терең­дете дамы­тып, Президент қолындағы саяси билікті Парламент және Үкіметпен бөлісу туралы ойлар кім-кімді болса да қозғайтын, ойландыратын нәрсе. Президент оның ішкі және сыртқы жағ­дай­ларын, барды қанағат тұтып үйреніп қалған жүйемізге өзгеріс­тер жасау қиындықтарын өз сөздерінде де, баспасөз бетіндегі жазғандарында да әбден түсін­діріп жатыр. Биліктің бір қолда, күшті Президент қолында ұс­талуы заманның қажет етуінен, ішкі тәртіпті берік ұстап, өтпелі кезеңде қоғамның дамуын жин­ақы жүргізудің амалы болғанын білдік. Ендігі кезеңде елдегі сая­си билікті Парламент және Үкі­­мет­пен бөлісіп, олардың өз мо­й­нын­дағы істің атқарылуына жауап­кершілік­ті арттыру қажеттігін айтты. Бұл – шын демократияға, биліктің әлем мо­йын­даған жолы­на біртіндеп көшудің жолы. Әрине, оңай жол емес. Оны сырт көз, біраз өмір көрген біз­дер­дің көздеріміз анық көре­ді. Қазақ психологиясында көн­бістік басым. Ол неге де болса тез үйренеді, көндігеді. Содан оны қозғау оңайға түспейді. Бұрын мә­селе шешпей, бәрін жоғарыға сіл­теп үйренген ми­нистр­­лердің, жаңа заң қабыл­дауға жеңіл­деу қараймын депу­тат­тардың пси­­хо­­логиясы да тез көн­­діге қой­май­ды. Оның кей­бір көрі­ністері Пре­зи­дент қатыс­қан соңғы Үкі­мет оты­ры­сында анық байқалды. Осы қиын­­дықтарды аттап өтпей, зерттеп, шын мағынасындағы заң мәселелерін терең игеруге ынта керектігі, министрлердің өз жұмысын өзі батыр шешім­ділік­пен атқарып, оның нәтижесіне өзі жауап беруі қазіргі заманның талабы екені түсінікті. Прези­дент Жолдауынан кейін сөй­леген сөзінде Үкімет бас­шысы Б.Сағынтаев мәселенің осы жағын баса және орынды айтты. Жақсы лебіз. Билікті бөлісу, қолыңдағы ісіңді лайықты дәрежеде атқару, жауапкершілікті сезіну кадрды өсіреді. Бірде тыңдап, бірде тың­­дамай, талқыланып жатқан мәселеге қол көтере салатын депу­­таттардың заманы өтті. Мем­­лекеттік қызметкерлердің адам­­ды қабылдамай, онымен сөй­лес­пей, оңашалануы да кел­меске кетуі керек. Кеңес өкі­меті кезінде рес­пуб­­ли­ка бас­­шыларымен тілдесу (кейде қабыл­дауға сұранып, кейде телефонмен) онша қиын бол­майтын. Біздің заманымызда уақытына қарай Елбасымыз ғана жүйелі қабылдап жатады. Ал министрлеріміз телефон көтеруден, кездесуден қашады. Оның себебі мәселе шешпейді, шеше алмайды, сондықтан ешкімді көруге құлықсыз. Ме­нің өзім сақалды басым­мен, 90-ға келген жасыммен таяуда өзім танитын бір министрге кіре ал­май кеттім. Мен кеңсе жағалап, бір­деңе сұ­рап жүретін адам емеспін. Еш­кім­ге бар­майтыным да, телефонды сирек соға­тыным да содан. Осындай жағдай­ла­рдың бәрі өзгеруі керек. Президент осы­ны айтып, өз бетіңше жұмыс істеп, жауап­­кер­шіліктен қашпай, елмен қа­рым-қа­ты­насқа ұқыпты қарауға үйретіп отыр. Шын демократияға осылай жетеміз. Осымен қабат жарияланған Прези­дент Жолдауы – Қазақ­станда техно­логиялық револю­ция жасауға үндейтін батыл идеяға толы, аса қажет құжат. Оның проблемасын Жолдаудың аты-ақ айқындап тұр. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Капиталистік қоғамда даму деген бәсекеге құрылады. Бәсекеге де қабілет керек. Біз сол бәсекеге кезінде дайын бола алмадық. Тек соңғы кезде Елбасының үйретуімен қозғалыс басталды. Соның арқасында алдыңғы қатарлы елу елдің бірі болдық. Өмір өзгеріп келеді. Біз де бұрын­ғы қалыпта қалуға тиіс емеспіз. Ендігі жаңару осыны көз­дейді. Ол технологияны мең­герудегі халықтың, жұмыс адамы­ның міндетін айқын­дай­ды. Әр адам өзі жұмыс істейтін, ай­на­ласын­дағы техникалық құрал­дың, машинаның тетігін білуі керек. Біздің кәрі тартқан өмірі­мізге де ұялы телефон, компьютер, теле­ви­зор сияқ­тылар кірді. Ұялы теле­фон­ды жақ­сы меңгерген адамның өзі оның көмегі­мен көп жұмыс (теле­фон соғу, сөй­лесу, тіпті алыс­тағы сөйлесу­шінің суре­тін көріп тұру, фото, уақыт бел­гі­лері, т.б.) атқара алатынын көр­дік. Бұрын жұмыс­ты қолмен іс­тей­т­індердің бәрі ком­пью­терге көш­ті. Бұл бүкіл халық­тың тех­но­ло­гиялық сауатын ашуды керек етеді. Осыны ғылым мен техника­ның әр саласында дамытып, өнімнің жаңа моделін жасау, әлемдегі технологиялық бәсе­кеге түсу біздің ендігі іс-қи­мы­лы­мыз­­дың негізіне айна­луға тиіс. Өнді­ріске цифр­лық технология кіргізу, со­ның негізінде жаңа салалар құру, бизнес ортаны кеңейту, жап­пай кәсіп­кер­лікке көшу біздің экономиканы жедел жаң­ғыртудың жолы болып табы­­лады. Ол Президент көр­сет­кен бес институттық реформаны іске асыратын Ұлт жоспарының аясына кіреді. Біз – қаражатты осы күн­ге дейін мемлекеттен сұрап үй­ренгенбіз. Пре­зи­дент мемле­кет­тің экономикаға тәуел­ділі­гін азайту, жеке мен­шік­тік серік­тестік құрып, жаппай кәсіп­кер­лікті кеңейту идеясын ұсынып отыр. Бұл да заман талабы. Президент Жолдауындағы біз үшін маңызды идея – адами капитал мәсе­лесі. Ол сту­дент­тердің білімді өз беті­мен технологиялық ізденіс негі­зінде алуын, ғылыми-инно­ва­циялық әлеуетті дамыту мәсе­лелерін қозғады. «Өскелең ұр­пақ­ты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу», «қазақ тілінің басымдығы сақталады» деген сөздер бар Жолдауда. «Ұлтжандылық» деген бұрын айты­ла бермейтін талап бар. Осылардың бәрі – ұлттық даму­дың, ұлттық тіл мен ғылым­ның мәселелері. Президенттің бұлай айтуы біздің ұлт тілімен ғылымда күткен сөздеріміз. Бұл айтқандарым Президент Жол­дауының Қазақстанның жедел дамуына үлес қосуға үн­дей­тін маңызды құжат еке­нін та­ны­тады. Ол біздің елімізде бү­кіл­­ха­лық­тық қозғалыс тудыруы керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алла тағаланың қазаққа: «Қиын­шылықты көп көрген халық едің, енді бір сілкінші!» – деп бере салған Пайғамбары ғой. Тыным­сыз, ізденімпаз, бірінен соң бірі туындап жататын жаңа идеялар оны Қазақстанды осы дәрежеге көтеруге жеткізді. Алла оған өмір берсін! Тоқсанға толуына бір ай ғана қалған қарттың ағалық батасы болсын бұл тілек! Менің дауысым осы! Серік ҚИРАБАЕВ, ҚР ҰҒА академигі