• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Бастауыш партия ұйымындағы жүздесу

142 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында Парламент Мәжілісінің депутаттары Әлия Сапарова, Құралай Қаракен, Серік Құсайынов, Сәкен Өтебаев және Наринэ Микаеляннің Павлодар облысы бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесуі өтті. Күн тәртібі бойынша Қазақ­стан Республикасы Прези­денті­нің билік тармақтары арасында өкі­лет­тіктерді қайта бөлу мәсе­ле­­лері жөніндегі Үндеуі мен Қазақ­­стан халқына Жолдауы талқыланды. Отырыс модераторы, «Нұр Отан» партиясы Павло­дар облыс­тық филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Илья Теренченко өз сөзінде Мем­лекет басшысы ұсын­ған бастамаларының аса маңызды­лығын атап өтті. Мәжіліс депутаты Сәкен Өте­баев жиынға қатысушыларға Пре­зидент бастамаларының басым бағыттарын түсіндіріп, пав­ло­дар­лықтардың жиі қоятын сауалдарын санамалап берді. – Қазір бұл құжаттарды тал­қылау белсенді түрде жүріп жатыр. Айдың соңына дейін бар­лық ұсы­ныстарды тыңдауымыз керек. Билік өкілеттіктерінің бөлі­­сінен кейін оларды теріс пайда­лану­шылықтар қылаң бермей ме деп сұ­райды кейбір адамдар. Бұған ай­тарым, Парламент пен Үкімет өкілет­тіктері өте нақ­ты әрі анық жазылған. Сон­дық­т­ан, ешбір теріс пайда­лану­шы­­­лық­тар мүмкін емес, – деп жауап қайыр­ды Мәжіліс депутаты. Сонымен бірге, халық қалау­лылары партияның облыстық филиалында азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдап, онда қарапайым павлодарлықтардың мұң-мұқтаждарымен танысты. Мәселен, «RedZone» ҚБ төрағасы Константин Музалевский «В» санатындағы жүргізушілердің автомектептерде міндетті оқы­тылуы жөнінде мәселе қозғады. Оның сөзіне қарағанда, бұл жол жүрудің қауіпсіздігі мен мәде­­ниетін арттыруға септігін тигі­зеді. Мәжіліс депутаттары қо­ғам белсендісіне бұл мәселені пар­­ла­­мент­тік комиссиялар отырыс­­тарын­да талқылауға уәде берді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы