Иранда жалпы көлемі 15 млрд баррель болатын мұнай қоры табылды, оның 2 миллиард баррелі өндірілетін мұнай, -делінген Иранның Ұлттық (NIOC) компаниясының хабарламасында.
Бұған қоса, Иран өзі өндіретін газ құрамын да 1,8 трлн текше метрге ұлғайтпақшы. Бұл туралы NIOC компаниясы басқарушысы Али Кардор мәлім еткен. Ол сонымен қатар, аталған резервтерді пайдалану үшін мол көлемде инвестиция мен заманауи технологиялар қажеттігін айтады, деп жазды Риа Новости агенттігі.
Кардор, сонымен қатар, Иран өкілдерінің сәуір айына дейін-ақ мұнай өндіруді тәулігіне 4 миллион баррельге дейін жеткізуді қолға алатынын атап өтті.
Санкция алынған уақытта, яғни 2016 жылдың қаңтар айынан бастап, мұнай өндіру көлемі тәулігіне 2 баррель ғана болатын.
Айта кетейік, былтыр ғана ашылған Қашағандағы мұнай қоры, қазақстандық сарапшылардың болжамынша, 4,8 млрд баррельге тең.