• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

7 ақпанға арналған ауа райы

156 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, тұман түседі, жел күшейіп, боран соғады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Ақмола облысының кей жерлерінде қар борап, тұман түседі желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының бірқатар аймақтарында түнде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл аумағында желдің күші 17-22 м/с дейін жетеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарының жекелеген аймақтарында тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 18 м/с дейін жетеді. Қостанай облысында бұрқасын болып, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысында бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.