Aldiadallas.com мәліметі бойынша қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) арасындағы айқас Техас штатының Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium аренасында өтуі мүмкін.
Аталған сайт мұндай шешімге Альварестің кіші Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жегін Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізетіндігінен кейін келген. Бұған дейін Даллас қаласындағы стадионда өту мүмкіндігі хабарланған.
AT&T Stadium – «Даллас Ковбойз» ұлттық футбол лигасы клубының аренасы. Өткен жылы «Канело» мен Лиам Смит арасындағы ұрыста стадионға 51,240 адам келген. Ал GGG-мен айқасына 108,713 адам келіп, жаңа рекорд орнатылуы мүмкін.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы мен Альварес арасындағы жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін екендігі хабарланған. Ал аталмыш стадионда 16 қыркүйек күні ешқандай іс-шара жоспарланбаған.