• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Өскемен аялдамаларындағы жылы павильондарды қаңғыбастар паналауда

140 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының бірден үш аялдамасында жуырда ғана пайда болған жылы павильондар қаңғыбастардың сүйікті орнына айналды. Жобаның тапсырыс берушілері мұндай жағдайларға жол бермес үшін барлығын жасағандығын атап өтуде, деп хабарлады YK-news.kz. Және қазір қаңғыбастарды павильондардан қалай қуып шығарларын білмей отыр. Еске салсақ, 2016 жылы Өскеменде жылытылатын үш аялдама орнатылды («Спорт сарайы» аялдамасында, Қайсенов көшесіне бұрылыстағы «Автобасқару» аялдамасында және Күленов атындағы кентте - Молдағұлова көшесінде). «Павильонға кіреберісте электронды құлыптар тұр, олар 22.00-де автоматты түрде іске қосылып, есіктер бұғатталады. Үй-күйі жоқтар алдын ала келіп, есіктер жабылып қалмас үшін, оның астына әртүрлі заттар қояды. Осыдан кейін топтасып, аялдамаға жиналады. Бірақ біз бұған бақылау жүргізе алмаймыз ғой. Бұл полицейлердің жұмысы. Кезекшіліктегі жаяу полицейлер аялдамаларға ара-тұра барып, кезбелерді ол жерлерден қуып тұруы керек. Айта кетейік, мұндай проблема Астанада да бар», - дейді Өскемен қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы Асқар Жақсылықов. Өз кезегінде тәртіп сақшылары қалыптасып отырған жағдайдан хабардар екендіктерін және жылы аялдама идеясының құрдымға кетпеуі үшін барын салып жатқандықтарын айтуда.