• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Қазақстанда жаппай тұмау тіркелуде

189 рет
көрсетілді

Қазақстанда жаппай тұмау мен жұқпалы респираторлы вирустя инфекция (ЖРВИ) тіркелуде, деп хабарлайды ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап. «Эпидемиялық маусымның басталуымен, 3 ақпан күні 380 мыңнан астам ЖРВИ, соның ішінде 1831 тұмау жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі бөлігін, яғни 65 % 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Салыстырмалы түрде ЖРВИ-мен ауырған оқушылар 20%, тұмаумен ауырған оқушылар 13% болды. Өткен аптада ЖРВИ және тұмаумен ауыру көлемі апталық эпидемиялық шектен асқан жоқ», - делінген хабарламада. Эпидемияға қарсы жедел шаралар қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бері халықтың өткір респираторлы жұқпалы инфекциямен және тұмаумен ауыру жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Осы мәселені ескере отырып, тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің кеңесімен білім беру басқармалары эпидемиялық маусым басталғалы 26 тәрбиелеу және білім беру ұйымдарындағы оқу процесін уақытша тоқтатты. Төрт мектепте оқу процесі қайта жалғасты. 3 ақпанға дейін Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 8 мектеп пен 3 мектепке дейінгі мекеме уақытша жабылды, СҚО-ның 11 мектебінде ішінара сыныптарда оқу үдерісі тоқтатылды.