• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

2020 жылы Қазақстанда онлайн-кредит алушылар 2,5 млн-ға жетеді

232 рет
көрсетілді

Қазақстанда банктердің кредит беру үрдісі соңғы жылдары баяулады. Бірақ бұған қарамастан онлайн-қарыз нарығы біршама өскен. Мамандар алдағы жылдары кредиттеудің бұл түрінен түсетін табыс көлемі 170 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлап отыр, деп хабарлады Smartzaim.kz. Бүгінгі таңда еліміздегі онлайн-қарыз алушылардың саны 350 мыңға жеткен. Жоғарыдағы мәліметтер осы көрсеткіштің аясында түзілген. Бұл статистика 2020 жылы онлайн-кредиттің пайдаланушылары Қазақстанда 2,5 млн-ға  жететінін айқындайды. Мұндай жағдай Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде байқалып отыр. Осы саланы дамытуға үкімет тарапынан да қызығушылық байқалады. Қарапайым халық үшін онлайн-қарыздардың қолжетімді болуы салық түсімі арқылы мемлекет бюджетін толтырады. Онлайн-кредит нарығының дамып келе жатқанына қарамастан, жалпы тұтынушылық кредиттегі онлайн-карыз портфелінің үлесі әлі де 0,3%-дан аспады. Осының әсерінен бұл нарық әзірге сырттай бақылауды қажет етпейді. Бүгінде өзін-өзі басқаратын қауымдастық тұтынушылардың құқығын өз мойнына алып отыр. Алдағы уақыттарда реттеудің жаңа моделі ойластырылып, онлайн-кредит сервисінің қызметі заңдастырылады. Қазіргі таңда онлайн-қарыздарды Қазақстанның Ұлттық банкі бақыламайды. Бұл қызметті ұсынатын компаниялар ҚР Азаматтық кодексіне сүйене отырып қызмет етеді. Бірақ онлайн-кредит нарығының өкілдері жақын арада қаржы реттеушінің назарына ілігеміз деген ойда. Бұл осы қызметпен айналысатын компаниялардың барлығы лицензия алуы қажет болады деген сөз.