• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

2020 жылға дейін интернет қолданушылар санын 80% арттыру көзделуде - Абаев

251 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі «Сандық Қазақстан» бағдарламасының жобасын Үкіметке енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев мәлім етті. Үкіметтің 2017 жылдың жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын жасақтау барысында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алдағы алты айдағы іс-қимылдың басым бағыттарын атады. «Біз биылғы жылдың маусым айында «Цифрлі Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын Үкіметке енгізуді жоспарлап отырмыз. Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде», - деді министр Үкімет отырысында. Айта кетейік, ҚР Президенті өзінің биылғы Жолдауында Үкіметке «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.