• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Музейлер айына бір рет тегін болуы мүмкін

207 рет
көрсетілді

Әр айда бір мәрте музейлер, жылына төрт рет театрлар xалық үшін тегін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлімдеді. "Халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігінің тәжірибесін енгізу. Әр айдың үшінші жексенбісінде музейлерге және жылына төрт рет театрларға, олар: дүниежүзілік Театр күні, 27 наурызда, Балаларды қорғау күні, Тәуелсіздік күнінде тегін баруды қамтамасыз ету ұсынылады. Сондай-ақ мектеп демалыстары шеңберінде оқушылар үшін театрлар мен музейлерге тегін бару ұсынылады. Нәтижесінде жылдың аяғына дейін аталған мәдениет нысандарына бару көрсеткіші 45 пайызға дейін жететін болады", - деп атап өтті министр Үкімет отырысында.