• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Қазақстан Үкіметі 2017 жылға арналған бюджетті қайта қарайды

85 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметі 2017 жылға арналған бюджет параметрлерін қайта қарайды. Бұл туралы жарты жылға негізделген жұмыс жоспарын таныстыру барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бірінші бағыт аясында (Ішкі жалпы өнім өсіміне қол жеткізу) бюджеттің үйлестірілуін реттеу мақсатында ақпанда әлеуметтік-экономикалық болжам мен 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері қайта қаралады», - деді министр Үкімет отырысында. Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылға негізделген алдын ала параметрлер даярланды. Айта кетейік, жалпы басты 9 бағыт бойынша 148 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде ішкі жалпы өнім өсіміне қол жеткізу, жеке секторды дамыту және бәсекелестікті күшейтуге жағдай жасау, жеке инвестицияны тартуға басымдық бере отырып, экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыру шаралары ескерілген. Сонымен қатар адам капиталын дамытуға бағытталған реформаларды тереңдету, жұмыспен қамту мен жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру, халықаралық индекстерде мемлекеттің рейтингін жоғарылату ескеріліп отыр.