• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Астанада Сирия келіссөздерінің жаңа кезеңі басталады

120 рет
көрсетілді

Ақпан айының ортасына қарай Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша жаңа келіссөздер ұйымдастырылмақ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, деп жазады «Интерфакс». Министрдің айтуынша, келіссөз міндетті түрде өтеді және "Астана алаңы" өз маңызын жоймайды. Дегенмен, министр әзірге нақты қай күні өткізілетінін айта алмады. Келіссөзге қатысушы елдер ақпан айының ортасына шамалап отыр. "Қазір біз кепіл елдерден мәлімдеме алып жатырмыз. Содан кейін келіссөздерге дайындықты бастаймыз", - деді министр. 24 қаңтар күні Астанада Ресей, Түркия мен Иран Сириядағы атысты тоқтату мақсатында бірлескен орган құру туралы бастама көтерген. Аталған елдер бұл тұрғыда тараптардың татуласуына жауап бермек. Шараға сонымен қатар БҰҰ, АҚШ, ресми Дамаск пен оппозиция өкілдері де қатысқан болатын.