• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

ҚР Энергетика министрі бензин не себепті қымбаттағанын түсіндірді

128 рет
көрсетілді

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысынан кейін елімізде бензин не себепті қымбаттағанын түсіндірді. «Себептердің бірі - ол рубльге шаққандағы теңге бағамының өзгерісі, яғни екі апта бұрын орын алған жағдайға байланысты. Импортты бензин сатып алынған кезде, сәйкесінше ресейлік бензинге баға өскен болатын. Жалпы, өткен жылы теңге бағамы рубльге қарағанда 20 пайызға әлсіреді. Осы орайда рубльмен баға айтарлықтай көтерілмейді, алайда теңгеге ауыстырғанда, тұтынушыға қымбаттау түсетіні байқалады. Атап айтқанда, біздің мұнай өңдеуші зауыттар жұмысын істеп жатыр, бұл ретте жоспар бойынша жүріп жатыр. Қажетті көлемді өндіруде. Сондықтан жанар-жағармай тапшылығы жоқ және болмайды да», - деді министр. Естеріңізге сала кетсек, кеше  АИ-92 маркалы бензинінің бағасы өскенін хабарлаған болатынбыз.