• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Универсиада-2017. Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

103 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында биатлоншы қызымыз Галина Вишневская масс-старт сайысында ел қоржынына 11 алтын жүлдені салды. Вишневская төрт оғының біреуін мүлт жіберіп, 12,5 километрді 36:15.4 минутта бағындырды. Бұл сында екінші орын украиналық Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, үштікті ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) түйіндеді. Айта кетейік, биатлоншы қызымыз осымен Универсиададағы екінші алтын жүлдесін жеңді. Бұған дейін ол 7,5 қашықтықта спринт сайысында бірінші болып келген.