• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Қазақстанда бейнебақылау камераларының саны артады

164 рет
көрсетілді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі республика бойынша бейнебақылау камералары мен бейнетіркеуіштер саны ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ведомство басшысы Қалмұxанбет Қасымов мәлімдеді. Оның айтуынша, жол-патрульдік полиция қызметкерлерін бейнетіркеуіштермен қамту көзделген. Құрылғылар биылғы жылдың ақпан айында сатып алына бастамақ. «Ала таяқтан» бас тартуға байланысты жергілікті жерлердегі жол-патрульдік полиция қызметкерлері толығымен жарықшаммен жабдықталған қолғаптармен, жарық шағылыстыратын арнайы формамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ІІМ жергілікті әкімдіктердің қолдауымен ауылдық инспекторлардың көліктерін дауыс зорайтқыш құрылғылармен жабдықтауды қолға алмақ. Жолдағы қауіпсіздікке бақылау негізінен патрульдік көлікпен жүргізілетіндіктен, аймақтарда автопатруль полицейлерінің санын ұлғайту жоспарланып отыр. Министрдің пікірінше, жергілікті жерлерде жолдағы қауіпсіздік пен тәртіпті фото және видеотіркеу құрылғылары арқылы қадағалау өз жемісін береді. «Олардың тиімділігі тайға таңба басқандай анық. Өткен жылдың өзінде аталмыш құрылғылар арқылы 900 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелді», - деді Қ. Қасымов. Бейнебақылау камераларын орнату кезең-кезеңмен жүреді. Алдымен xалық көп жүретін жерлерде: базарларда, сауда орындарында орнатылады.