ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері ауа райына байланысты ескерту жариялады.
9-ы күндіз, 10 ақпанда түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Екпіні 23-28.
Оңтүстік батыста желдің күші 30 м/с-қа жетеді. Таулы және тау етегіндегі аудандарда қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады.
9-ы күндіз, 10 ақпанда түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында оңтүстік батыстан, батыстан 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.