• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Мұнай өндірудің жылдық көлемі 81 млн тоннаға дейін ұлғаяды

127 рет
көрсетілді

Мұнай өндірудің жылдық көлемі 81 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. «Бірінші жартыжылдыққа арналған жоспарға Энергетика министрлігінің 10 іс-шарасы енгізілді. Бұл тұрғыда мұнай-газ саласының дамуы үшін қажетті шаралар қамтылды. Біріншіден, мұнай өндірудің нақты көлемі индексін 103,8 пайызға жеткізу үшін мұнай өндірудің жылдық көлемі 81 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл ретте Қашағаннан - 5 млн. тонна, Теңіз кен орнынан - 27,5 млн. тонна, сондай-ақ Қарашығанақ кен орнынан 11,8 млн. тонна мұнай өндірілмек. Жартыжылдықта 40,7 млн. Тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Ал мұнайдың экспорты 65 млн. тоннаны құрайды», - деді Бозымбаев. Оның сөзіне қарағанда, газ өндірудің физикалық индексі 103, 6 пайызға жету үшін газ өндірудің жылдық көлемі 48, 1 млрд. текше метрге дейін ұлғайтылатын болады. Осы орайда Қашағаннан - 3,1 млрд. текше метр, Теңізден- 14,4 млрд. текше метр, Қарашығанақтан -18 млрд. текше метр газ қамтамасыз етіледі. Жалпы, бірінші жартыжылдықта 24,5 млрд. текше метр газ өндіру жоспарға енгізілді. Белгілі болғандай, экспорт көлемі 13, 7 млрд. текше метрге жеткізілмек.