• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Қостанайда 2016 жылы 60 шақырым жол жөнделді

168 рет
көрсетілді

Қостанайда 2016 жылы 60 км жол жөнделді, оның алдындағы 5 жылда 54 км ғана жөнделген болатын, деп хабарлады strategy2050.kz. «Өткен жылы пайдалануға  128,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жұмыс жаңа жылы жалғасын тауып, тек тұрғын үйлер ғана емес, әлеуметтік маңызы  бар нысандар, спорт нысандары мен мектепке дейінгі мекемелер салынатын болады», - деді қала әкімі. Сондай-ақ, оның айтуынша, қала басшылығының жоспарында облыс орталығының абаттандыруын қолға алу бар. Тобыл жағалауындағы  саябақтың жағалауы қалыпқа келтіріледі. Қаланың оңтүстік  бөлігінде «Тәуелсіздік жағалауының 25 жылдығы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждық жұмыстар жүзеге асырылуда. Қорытындыны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жасады. «Соңғы жылы қала басшылығы абаттандыру бойынша бірқатар жұмысты тындырды», - деді ол.