• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

2017 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 2,5 % -ға жоспарланған

295 рет
көрсетілді

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында жүргізелетін бірқатар шаралар өсімді 2,5 пайызға жеткізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлімдеді. «Өсімдік шаруашылығы бойынша майлы, жемдік және басқа да сұранысқа ие дақылдардың егіс алқабын 540 мың га (8,2-ден 8,7 млн. га) арттыру жоспарлануда.Сумен қамтамасыз етілген алқаптар аумағын арттыру жөніндегі екінші міндеттің аясында Ислам Даму Банкінің атсалысуымен ирригация мен дренаждарды қайта қалпына келтіру жобасы қолға алынуда. Мұның нәтижесінде 15 мың га тұрақты суару аумағы пайда болады.Айталық, 7 апатты жағдайдағы су қоймасы мен гидротехникалық құрылыстың реконструкциясы бітеді. Бұл 12 мың га суармалы жерлердің сумен қамтылуы жағдайын жақсартады», - деді А.Мырзахметов. Ол айтып өткендей, үшінші міндет кооперацияны дамыту болып саналады. «Ағымдағы жылы 176 кооператив құру жоспарлануда. Олар өз қызметі аясына 16 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды тартады деп күтілуде.Сондай-ақ, бұл қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімін арттырады. Атап айтқанда, сүт – 170 мың тонна (57-ден 65%), ет – 12мың тонна (54-тен 58%), өсімдік майы – 20 мың тонна (30-дан 31%), қант қызылшасының қанты – 16 мың тонна (37-ден 50%).Аталған шаралар импортқа тәуелділіктің төмендеуіне жол ашады», - деді А.Мырзахметов.