• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Патрик Харкердің сөзінен кейін теңгенің бағамы көтеріліп кетті

130 рет
көрсетілді

KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 323,26 теңгені құрады. Ал таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша 323,05 теңге болды. Кешегі сессияда 14 айдан бергі минимумға түскен теңге бағамы бүгін қайта көтеріле бастады. Оған себеп кеше 57 доллардан асқан мұнай бағасының бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-да 0,5 пайызға дейін арзандап, 55,91 долларға төмендеуі. Ал күндізгі сағат 16:00-де Бренттің баррелі 55,58 долларға дейін арзандады. Сарапшылардың пікірінше, мұнайдың қымбаттауына доллардың нығаюы себеп. Кеше АҚШ Федералды резерв жүйесінің Филадельфия штатындағы төрағасы Патрик Харкердің сөзінен кейін доллардың өзге валюталарға шаққандағы бағамы күрт көтерілген. Өйткені Харкер алдағы наурыз айында АҚШ Федлералды резерв жүйесі доллардың базалық үстемесін көбейтуі мүмкін екенін айтқан еді. Осы сөзден кейін дамушы елдердің валюталары долларға шаққандағы бағамында бірнеше пунктке төмендеп кетті, деп жазады investing басылымы.