• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Биыл Air Astana мен "Қазатомөнеркәсіп" IPO-ға шығарылады

134 рет
көрсетілді

2017 жылдың соңына дейін "Самұрық-Қазына" қоры 23 нысанды бәсекелестік ортаға бермек. Бұл туралы қордың төрағасы Өмірзақ Шүкеев бүгін Үкімет отырысында мәлімдеді. «Жоспар бойынша, алғашқы тізімдегі 45 нысанның 23-і сатылады», - деді Шүкеев. Оның айтуынша, жыл ортасына дейін 12 нысан IPO-ға шығарылады. Оны сатып алуға әлемдік деңгейдегі ірі компаниялар қатыспақ. «Жыл соңына қарай Air Astana мен «Қазатомөнеркәсіп» жекешелендіріледі», — деді қор төрағасы. Үкіметтің өткен отырысында Бақытжан Сағынтаев қаржы министрлігіне жекешелендіру шараларын жеделдетуді тапсырған еді.