• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Қазақстанда кәсіпкерлерге айыппұл жеңілдетіледі

189 рет
көрсетілді

Қазақстанда өзінің құқық бұзушылығын мойындаған кәсіпкерлерге айыппұл бойынша 50 пайыздық жеңілдіктер ұсынылуда. Бұл туралы бүгін «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Айжан Бижанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осындай нормалар заңды тұлғаларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгертулер енгізу туралы заң жобасында қарастырылып отыр. «Алғаш рет қысқартылған істер институты енгізілді. Бұл тұрғыда кәсіпкерлік субъектісі кінәсін мойындаған жағдайда, заңнамада бекітілген талаптарға сәйкес, белгілі бір мерзім ішінде оған қатысты айыппұл 50 пайызға қысқарады. Айыппұл төленгеннен кейін әкімшілік іс тоқтатылады», - деді А. Бижанова. Осы орайда кәсіпкер ұзаққа созылған талқылаулардан, тиісті  құжаттарды жинау барысындағы қағазбастылықтан құтылады деп күтілуде.