• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Неймар «Ақтөбені» мерейтойымен құттықтады

273 рет
көрсетілді

Бразилия ұлттық құрамасы мен «Барселонаның» шабулшысы Неймар «Ақтөбе» футбол клубын 50 жылдық мерейтойымен құттықтады. 25 жастағы футболшымен оның отандасы әрі «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы Витор Жуниор кездесті. Команданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары қазақстандық команданың жейдешесіне құттықтау сөздерін жазып, қолтаңбасын қойып бергенін хабарлады. Бұл жейде жақын арада ашылатын клубтың музейінде сақталады. «Ақтөбе» футбол клубының музейінде әлемді өз өнерімен тәнті етіп жүрген талантты футболшының жейдешесі сақталатын болады. Неймар бұған дейін Қазақстан премьер-лигасы жайлы жақсы білмейтінін айтқанмен, алдағы уақытта біздің ұжымға, сондай-ақ досы Витор Жуниорға жанкүйерлік ететінін мәлімдеді», – деп жазды клубтың инстаграмдағы парақшасы. Бұған дейін Жуниор Бразилияның аңызына айналған, «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Роналдиньомен де кездесіп, «Ақтөбенің» мұражайы үшін қолтаңбасын алған болатын.