Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында шорт-тректен Қазақстан қоржынына кезекті қола жүлде түсті.
1000 метр қашықтықта сынға түскен спортшылар арасында оңтүстіккореялық Лим Кён Вон 1:28.024 уақытпен алтынға қол жеткізсе, күміс жүлде оның отандасы Пак Чжи Вонға (+0.027) бұйырды. Ал жерлесіміз Денис Никиша бұл жарысты үшінші болып аяқтады.
Сонымен қатар, финалға шыққан тағы бір спортшымыз Айдар Бекжанов мәре сызығын төртінші болып кесті.