«Шымбұлақта» қар көшкіні кезінде ер адамның қаза тапқаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлады tengrinews.kz.
Оқыс оқиға «Шымбұлақтың» батыс баурайында болған. Иманқұловтың айтуынша, ол тас жолдан щығып кеткен. Құтқарушылар тобы қар астынан шығарып, ауруханаға жеткізген кезде қайтыс болған.
Алдын ала болжам бойынша ол жарыстарға төреші болып келген Ресей Федерациясының азаматы.