• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Универсиада-2017. Шорт-тректен қыздарымыз қола жүлде еншіледі

149 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында шорт-тректен Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлде алды. Ақтық кезеңде Қазақстан, Оңтүстік Корея, Жапония және Қытай спортшылары бақ сынады. Бұл сында оңтүстіккореялықтар алтын жүлдені жеңіп алса, күміс Аспанасты елінің спортшыларына бұйырды. Ал жерлестеріміз жарысты үшінші орынмен аяқтады. Қазақстан қыздар құрамасының атынан Мәдина Жанбосынова, Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Анита Нагай және Ольга Тихонова секілді спортшыларымыз шықты.